Түркияда саяхатшылар отырған автобус жол апатына ұшырады, соның салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты, - деп хабарлайды А Haber телеарнасы.
Жол апаты 5 шілдеде таңғы уақытта Кыркларэли - Ыстамбұл тасжолында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, Nilufer компаниясына тиесілі қалааралық автобус жүргізуші Эдирне қаласынан шығып, Бодрумға барар жолда көлік тізгініне ие бола алмай, автобусты аударып тастаған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан кем дегенде алты адам қаза тапты, сондай-ақ 25 адам зардап шеккен. Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем кареталары жарақаттанғандарды ауруханаларға жеткізген.