Түркияда туристер отырған микроавтобустың жол апатынан кем дегенде 18 адам зардап шекті. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Агенттіктің мәліметінше, оқиға Тунджели - Эрзинджан автожолының 44-ші шақырымында болған. Қара теңіз жағалауынан елдің шығыс бөлігіндегі Малатия қаласына бара жатқан туристік автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай қалады. Салдарынан көлік құлайды.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем бригадалары жарақат алған жолаушыларды ауруханаға жеткізді. Зардап шеккендердің нақты саны әлі белгісіз. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!