Түркияда туристер отырған әуе шары құлады: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Түрік Каппадокия аймағының Невшехир провинциясында апат болды. Онда туристер отырған әуе шары құлады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түрік Каппадокия аймағының Невшехир провинциясында апат болды. Онда туристер отырған әуе шары құлады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.

Жеке компанияға тиесілі шар Аванос округіндекөтеріліп, Киллик ауданына қатты қонды. Желдің кенеттен екпінінің көтерілуінің салдарынан шар ұзамай жерге құлады. Өкінішке қарай, испаниялық 2 турист қаза тапты, 3 адам жарақат алды. Әуе шарының бортында барлығы 28 турист және екі экипаж мүшесі болды.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, апат желдің күшеюінен болған. Сот және әкімшілік тергеу басталды", - делінген Невшехир губернаторының мәлімдемесінде.

Түрік билігінің мәлімдемесіне сәйкес, зардап шеккендерге көмек көрсетіледі.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная