Түркияның Қараман қаласында экскурсиялық автобустың аударылу салдарынан 26 адам зардап шекті, оның үшеуі ауыр халде жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі TGRT Haber басылымына сілтеме жасап.
Портал мәліметінше, автобус жүргізушісі Сусакли Махаллеси Ахмета Келешоглу мәдени орталығының маңындағы өрге шығу кезінде тізгінді басқара алмаған. Соның салдарынан туристер мінген автобус апатқа ұшырап, төңкеріліп қалған.
Жүргізушімен бірге 26 адам жарақат алды. Оның үшеуі ауыр халде жатыр. Олар Эрменек қаласындағы мемлекеттік ауруханаға жеткізілді.
Зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар бар/жоғы әзірге белгісіз.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!