Түркияда турист "Ердоғанды қорлады" деген айыппен қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тourprom Фото: Тourprom

Түркияда Мароккодан келген туриске қатысты жанжал туындады. Morocco World News мәлімдемесіне сәйкес, түрік полициясы марокколық әйелді президентті қорлады деген айыппен қамауға алды. Сондай-ақ, турист Түркияны "террористік мемлекет" деп атаған. Бұл туралы Tourprom сайты жазды.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияда Мароккодан келген туриске қатысты жанжал туындады. Morocco World News мәлімдемесіне сәйкес, түрік полициясы марокколық әйелді президентті қорлады деген айыппен қамауға алды. Сондай-ақ, турист Түркияны "террористік мемлекет" деп атаған. Бұл туралы Tourprom сайты жазды.

Туриске қатысты шағымды Джамекибер ауданындағы дүкен иелері жазған. Олар дереу полицияға хабарлап, туристің Түркия мемлекеті мен оның президентін қорлағанын айтқан. Полиция жедел келіп, марокколықты тұтқындады. Бұл оқиға туралы видео YouTube желісінде жарияланды.

Түркияда Қылмыстық кодекстің 299-бабы бар, оған сәйкес "Түркия президентін қорлау" қылмыс болып саналады. Осы бапты бұзғаны үшін кінәлі деп танылған адамға бір жылдан төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру қаупі төнуі мүмкін, ал егер бұзушылық көпшілік алдында жасалса, онда мерзім алты жылға дейін ұзартылуы мүмкін.

Басылымның мәліметінше, бұл заң шетелдік туристерге де қолданылады. Сонымен қатар, марокколық туристен басқа да бұған дейін мұндай себеппен тұтқынға алынған шетелдік туристер болған. Осы баптағы айып бойынша "ондаған шетелдік" ұсталған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная