Түркияның "Афьон" курортының аумағында төтенше жағдай болды - екі адам отырған тікұшақ бес жұлдызды қонақүй аумағына құлады. Абырой болғанда барлығы дін-аман, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Hurriyet.com.tr басылымына сілтеме жасап.
Түркиялық БАҚ мәліметінше, тікұшақ Афьонкарахисаре фармацевтикалық компанияға тиесілі екен. Әуе аппараты қала орталығындағы Садықбей ауданында қону кезінде өсіп тұрған ағашқа, сосын қоршауға соқтығысқан. Тікұшақта екі адам отырған, оның бірі канадалық.
Оқиға орнына жедел жәрдем, ТЖМ және полиция барған. Тікұшақта болған екі адамда аса бір қатты жарақат алмаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!