Түркияның шығыс аймағында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы 5 шақырым тереңдікте болды.
Сейсмологтар жер сілкінісінің күшін 5,2 балл деп бағалады. Жер сілкінісінен зардап шеккендер мен қаза болғандар туралы әзірге ақпарат жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!