Ресейлік турист таңертең теңізге шомылуға кетті және таяз суда теңіз тасбақасының таңғаларлық шабуылының құрбаны болды. Жамбасы мен қолы зардап шекті. Оқиға өткен аптада Анталияның курорттық провинциясында болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.
Ресейдің 64 жастағы азаматы Жерорта теңізінде шомылды. Бұл туралы Sozcu басылымы жазады. Тасбақа аяқастынан екі рет шабуыл жасайды. Біріншісінде әйел жамбасының ауырғанын сезеді. Екіншісінде тасбақа оның қолын тістеп алады.
Жағалауда кезекшілікте жүрген құтқарушы орыс әйеліне көмектесті. Алайда сол кезде тасбақа оның иығын тістеп үлгереді. Көп ұзамай жануар шегінеді. Құтқарушылар зардап шеккен туриске алдымен өзі тұрған қонақүйге, содан кейін ауруханаға жетуге көмектесті. Дәрігерлер жамбаста ауыр гематомаларды және қатты тістелген іздерді тіркеді.
"Мен біраз уақыт жүзіп, жағаға оралдым. Жағажайдан 4-5 метр қашықтықта болғанда, суда шалқалай жатқым келді. Кенеттен жамбаста қатты ауырсынуды сезіндім. Не болғанын түсінбедім және жануарды қуа бастадым. Содан кейін қолымды тістеді. Құтқарушы маған келе жатқанда тасбақа оған да шабуыл жасады. Құтқарушы мені бірден жағаға шығарды. Қатты қорықтым, енді теңізге ұзақ уақыт кірмеймін", - деді турист.
Жағажайда төтенше жағдайды көрген куәгерлер агрессив тасбақаны видеоға түсірді. Олардың айтуынша, жануар таяз суда, жағадан 5-10 метр қашықтықта - туристердің шомылу аймағында болған.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!