Түркияда полицейлер қонақүй бөлмесінің есігін сындыруға мәжбүр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркияда полиция қонақүйде тұру ережелерін бұзған туристің кесірінен есік сындыруға мәжбүр болды. Бұл туралы Beyaz Gazete жазады, - деп хабарлайды Lenta.ru.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияда полиция қонақүйде тұру ережелерін бұзған туристің кесірінен есік сындыруға мәжбүр болды. Бұл туралы Beyaz Gazete жазады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Оқиға бейсенбі, 11 наурызда Анталиядағы Муратпаша ауданындағы қонақүйде болды. Басылым мәліметінше, 35 жастағы саяхатшы қысқы маусымды қонақүйде өткізуді жоспарлап, тұрып жатқан. Ол фойеге түсіп, темекі шеккен.

Қызметкерлер оған ескерту жасағаннан кейін, қонақ ашуланған. Содан кейін бөлмесіне көтеріліп, біраз уақыттан кейін қару алып шыққан және қонақүйдегі адамдарды қорқытқан. Қонақүй қызметкерлері бірден полицияға хабарлаған. Ал турист бөлмесіне көтеріліп, есікті құлыптап алған.

Құқық қорғау органдарының өкілдері екі сағат бойы саяхатшымен келіссөз жүргізіп, ер адамнан "берілуді" сұраған, бірақ ол келіспеген.

Нәтижесінде полиция бөлмеге шабуыл жасады - арнайы құралдардың көмегімен олар есікті сындырып, қонақты ұстап алып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, қонақтың қаруы пневматикалық болған.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная