Түркияда орман өртеніп, қызыл жалын қонақүйлерге жақындай бастаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: SHOT телеграм-арнасынан Фото: SHOT телеграм-арнасынан

Түркияның танымал туристік курорты - Кемерде орман өртке оранып жатыр. Қызыл жалын Гёйнюк ауылындағы қонақүйлерге жақындай бастаған. Бұл туралы ресейлік туристер Telegram-арналарда хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияның танымал туристік курорты - Кемерде орман өртке оранып жатыр. Қызыл жалын Гёйнюк ауылындағы қонақүйлерге жақындай бастаған. Бұл туралы ресейлік туристер Telegram-арналарда хабарлады, - деп хабарлайды Tengri Travel тілшісі.

Өрт Антальядан бірнеше шақырым жерден де көрініп тұр. Жел салдарынан өрт тез тарап, бірнеше ауылдық округке жақындай бастаған. Орман массиві өртке оранып жатыр.

Mirada del mar қонақүйіне орналасқан туристің сөзінше, қызметкерлер өртке қатысты алаңдаушылық білдіріп те, қонақтарды эвакуациялап та жатқан жоқ. Эпцентрге жақын қонақүйлердегі жағдай қандай екені белгісіз. Туристік чаттардағы мәлімет бойынша, өрт шыққан жерде балалар лагері жақын орналасқан.

Түрік БАҚ-тарының мәліметінше, өрт бригадасы Антальяның үш ауданында және Маниса, Кахраманмараш провинцияларында өртті сөндіруге бар күштерін салып жатыр.

Ел президенті Режеп Тайы Ердоғанның сөзінше, өртті сөндіруге 24 ұшақ, 100 тікұшақ және 25 мың өртсөндіруші жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная