Түркияның жағалаудағы курорттарында коронавирус жұқтырғандар азайып жатыр. Бірақ Ыстамбул сияқты экскурсиялық бағыттар әлі жағдай жақсармады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourprom.ru басылымына сілтеме жасап.
Turizmguncel газеті Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сілтеме жасап, Түркияның ковидтен ең қауіпсіз курорттарының рейтингін ұсынды.
Министрлік жариялаған кестеге сәйкес, Түркияда 100 мың адамға шаққанда науқастар саны аз провинциялардың қатарында барлық туристік аймақ, оның ішінде Анталия, Мугла және Измир бар болып шықты. Ал Ыстамбұл науқастар көп тіркелетін аймақтардың тізімін бастады.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!