Түркияда көрнекі орындарға кіру бағасы екі есе өседі

2023 жылы 1 сәуірден бастап Түркияда барлық туристік көрнекі орындар мен музейлерге кіру бағасы кем дегенде екі есе өседі, - деп хабарлайды Sözcü.

Мәдениет және туризм министрлігіне қарасты музейлер мен ескі ғимараттарға кіру құны 1 сәуірден бастап кем дегенде 100 пайызға қымбаттайды. Бұл туралы республиканың Мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Бірінші кезекте музейлер мен көрнекі орындардың кіру бағасы өседі.

Кіру құнының өзгертілген бағасы мынадай: (1 лира - 24,49 теңге)

Газиантептегі мозайка музейі - 150 лир
Пергамадағы акрополь - 200 лир
Каппадокиядағы Ихлара жазығы - 200 лир
Троя музеиі - 200 лир
Аспендоса үйіндісі - 200 лир
Перге үйіндісі - 200 лир
Гёбекли-Тепе храм кешені - 200 лир
Седир аралы (Клеопатра аралы) - 250 лир
Гёреме ұлттық парк-музейі (Каппадокия) - 300 лир
Трабзондағы Сумела провослав монастірі - 300 лир
Ыстамбұлдағы Галат мұнарасы - 350 лир
Бодрумдағы су асты археология музейі - 350 лир
Памуккале және үйінділер археологиялық музейі - 400 лир
Эфес ежелгі қаласы - 400 лир

MÜZEKART музейлік картаның құны (бір жыл бойы шектеусіз кіруге мүмкіндік беретін карта) - 60 лир. Бағаның өзгергенін ескерсек, бұл картаны алу тиімді болады. Алайда қысқамерзімді уақытқа демалуға баратын туристер үшін бұл карта қолжетімсіз. Мұны тек Түркия азаматтары мен сол елде тұруға ықтиярхаты бар адамдар ала алады.