Түркияда қонақүйлер сертификаттаудан өтеді, оның қорытындысы бойынша олардың "жұлдызға" сәйкестігі расталады. Егер қонақүйлер тексеруден өтпесе, бағасын төмендетуге мәжбүр болады. Мұндай түзетулерді "Туризмді ынталандыру туралы" заңына енгізу жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР басылымына сілтеме жасап.
Қазір ел Парламентінде үкімет енгізген "Туризмді ынталандыру туралы" заңға түзетулер талқыланып жатыр. Олардың бірі Түркиядағы "жұлдызды" қонақүйлерге қатысты. Жергілікті муниципалды органдар куәландырған қонақүйлер Түркияның Мәдениет және туризм министрлігінде де тексерістен өтуі керек.
Қонақүйлерге "жұлдыздарды" (ресми санаттар) Мәдениет және туризм министрлігі береді. Бірақ барлық қонақүйлер сертификатты ол арқылы алмайды. Муниципалитеттің құжаттарымен шектелгендер бар.
Муниципалитет қонақүйдің (кемпинг, вилла, экодель, лодж) белгілі бір талаптарға сай екені және туристерді қабылдай алатыны туралы қарапайым сертификат береді. Олар "жұлдыз" және нысан санатын айқындамайды және сертификатта көрсетілмейді.
Егер Парламент "Туризмді ынталандыру туралы" заңға осы түзетуді сәуірде қабылдайтын болса, онда Түркияның мұндай қонақүйлеріне стандартты мемлекеттік сертификаттаудан өту және Мәдениет және туризм министрлігінен нағыз "жұлдыздарды" алу үшін келесі маусымға дейін бір жыл беріледі.
2022 жылдың маусымына дейін сертификаттаудан өтпеген нысандар жабылады, ал егер олар жұмысын жалғастырса, айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!