Жалғасып жатқан афтершоктар - Түркияда ақпанда болған зілзаланың салдары - түркиялық мамандардың есебінше бұл қайта жақсы нышан екен. Мұндай аздаған дүмпулер жер бедеріндегі энергия ақырындып шығап жатқанын білдіреді. Олардың саны барған сайын азайып, қарашада мүлде тоқтайды. Ал одан кейін не болатыны белгісіз, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Кандилли обсерваториясының директоры профессор Халук Озенердің мәліметінше, ақпаннан бері Түркияда мыңдаған дүмпу тіркелген.
Хаджеттепе униревитетінің инженерлік-геологиялық факультетінің мүшесі Кандан Гекчеоглудің сөзінше, олардың саны біртіндеп азайып келеді және олар қауіпті емес. Ал қараша айында мүлде тоқтайды деп айтуға болады.
Ал одан кейін не болатыны белгісіз, өйткені елде "Ғаламат зілзала" туралы алып-қашпа сөз көп. 2021 жылы жер сілкінісін болжаушы маман, профессор Хвалун Ахмет Эрджан "Ғаламат зілзала" Ыстамбұлды күйрететінін айтқан. Жер сілкінісіне себеп тектоникалық тақталардың жылжуы, олардың опырылатын орындары Түркия аумағында. Бұл қозғалыс орасан зор энергия жинайды да, зілзала түрінде сыртқа шығады. Мәселен, 1999 жылғы Гельджуктегі жер сілкінісі кезінде 132 атом бомбасына тең энергия сыртқа атылған.
Түркияда шынымен үлкен апат болды, алайда Ыстамбұлда емес. 2023 жылдың 6 ақпанында Кахраманмараштағы Пазарджик ауданында сағат 04:17-те 7.4 магнитудалық жер дүмпуі болды. Одан кейін 04:26-да алты баллдық сілкініс Газиантептің Нурдаги ауданында болды.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!