Түркияда ер адамның ресейлік туриске шабуыл жасағаны видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Түркияның Ыстамбұл қаласында жергілікті тұрғын ресейлік қызға катанамен шабуыл жасаған. Оқиға видеоға түсіп, оны "Вести Татарстан" жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Түркияның Ыстамбұл қаласында жергілікті тұрғын ресейлік қызға катанамен шабуыл жасаған. Оқиға видеоға түсіп, оны "Вести Татарстан" жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Басылымның мәліметінше, қыз құрбысымен кешкі серуеннен кейін қонақүйге келе жатқан. Сол кезде қара күртешедегі белгісіз адам олардың ізіне түскен.

Кадрларға қарағанда, ер адам катанамен қызды ұра бастайды. Шабуылдан бірнеше секунд өткен соң ол қашып кетті. Суық қарумен жасалған шабуыл салдарынан жәбірленуші басынан ауыр жарақат алды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel