Түркияда экскурсия үшін әлемдегі ең үлкен қайық құрастырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© sgb.uab.gov.tr © sgb.uab.gov.tr

Биыл жазғы маусымда Түркияда туристер рекордсмен-кемемен экскурсияға шығуға мүмкіндік туады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Түркияда экскурсия үшін әлемдегі ең үлкен қайық құрастырылды, оған 1 мыңнан аса турист сыяды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл жазғы маусымда Түркияда туристер рекордсмен-кемемен экскурсияға шығуға мүмкіндік туады. Жергілікті БАҚ мәліметінше, Түркияда экскурсия үшін әлемдегі ең үлкен қайық құрастырылды, оған 1 мыңнан аса турист сыяды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

4 палубасы бар және салмағы мың тоннадан асатын қайықты Антальяның Манавгат ауданындағы верфьте 15 ай бұрын құрастыра бастаған. Ол әлемдегі ең үлкен экскурсиялық корабль болады деп күтіледі. Бортына 1163 туристі және қызмет көрсетуші 50 экипаж мүшесін сыйдыра алады.

БАҚ мәліметінше, бұл кемені құрастыруға шамамен 130 миллион түрік лирасы (3 миллиард теңгеден асады) жұмсалған. Қазіргі уақытта ол суға түсірілді.

Кеменің ішкі бөліктеріне әлі де сәндеу жұмыстары жүргізіледі және каюталарына дизайнерлік жұмыстар қажет. Алайда туристер 2023 жылы рекордсмен қайықпен танысуға мүмкіндігі туады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная