Түркияда дауыл соқты: мешіттің мұнарасы қирап, ғимараттар шатыры ұшып кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео: t.me/trthaberdijital Видео: t.me/trthaberdijital

Түркияда дауыл салдарынан провинциялардағы елді мекендер зардап шекті. Ыстамбұлда ағаштар құлап, метроны су басты, ал Чанкырыда қатты жел мешіт мұнарасын қиратты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияда дауыл салдарынан провинциялардағы елді мекендер зардап шекті. Ыстамбұлда ағаштар құлап, метроны су басты, ал Чанкырыда қатты жел мешіт мұнарасын қиратты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

4-ші аймақтық метеорология департаментінен алынған мәліметтерге қарағанда, желдің жылдамдығы Анталияның орталығында сағатына 68,4 шақырымға, Кемер аймағындағы Сиглик шамшырағында 118 шақырымға жеткен.

Измирде күшті құйын тіркелді. Ыстамбұлда нөсер жаңбыр салдарынан Бахчелиэвлер ауданындағы метро станциясын су басты.

Дауыл Самсун, Корум, Кастамону, Амасья, Синоп сияқты елді мекендерде де соққан. Мұнда үйлердің шатыры ұшып, ағаштар құлап, көліктерге зақым келген.

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная