Түркияда әйел ұшуға аз қалғанда бортта босанды

Ыстамбұлдан Марсельге бағыт алған ұшақ бортында әйелдің толғағы басталған. Бұл кезде ұшақ ұшу алаңында тұрған және қозғалуға дайындалған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

New York Post мәліметінше, әйел қатты ауырсынған, экипаж бұл кезде ұшуға дайындалып жатқан.

Жолаушылардың бірі бортта түсірген видеосында, медициналық бригаданың ұшақтың артқы бөлігіне бара жатқаны, сосын көк шүберекке сәбиді орап шығатын жаққа алып бара жатқанда жолаушылардың қол шапалақтағаны түсірілген.

@femme_soumise #fypシ #plane ♬ A thousand years - Zeus

Сәбиді жақын маңдағы ауруханаға алып кеткен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!