Түркияның солтүстігінде жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тауып, 16 адам жарақат алды, - деп хабарлайды TRT Haber телеарнасы.
"Ыстамбұлдан Самсунаға бағыт алған автокөлік қарсы бағытта келе жатқан автобуспен бетпе бет соқтығысты. Жол апаты салдарынан Хусейн Этчи есімді автокөлік жүргізушісі мен Мирай Сане Этчи есімді жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ, автобуста отырған 16 адам зардап шекті", - делінген телеарна сюжетінде.
Жарақат алған жолаушыларды 12 жедел жәрдем бригадасы жақын маңдағы ауруханаларға жеткізді.