Түркияда африкалық жаз басталды: Антальяда 45 градус

Қазан айының басталуымен Түркияда ауа температурасы айтарлықтай көтерілді. Аптап ыстық салдарынан туристер қонақүйден шықпай, көшелер мен жағажайлар бос қалды. Тек кейбір адамдар ағаш көлеңкесінде не суға шомылып жүр. Ылғалдылық деңгейі 2-15 пайыз аралығында. Былтырғы жағдаймен салыстырғанда 1 қазанда Антальяда ауа температурасы +26 градус болған еді.  

"Мен бұл ыстықты кеңседе отырып сезбедім. Көшеге шыққан бетте сездім. Біз қыс басталғаны туралы айтқанбыз, алайда ол туралы айту әлі ерте сияқты", - дейді жергілікті тұрғын Haberler басылымына берген сұхбатында. 

Алдағы бір апта бойы бұл аймақта ауа райы ыстық болады, бірақ 1 қазандағыдай емес. 3 қазанда күндіз ауа температурасы +30-31°C, ал басқа күндері +27-28°C деңгейінде болады. Түнде - +23°C. Апта ортасында жаңбыр жауады деп күтіледі. Күз мезгілі болғанына қарамастан, теңіз суы өте жылы, мұнда су өте баяу суиды, сондықтан шомылу маусымы әлі біразға созылатын көрінеді. 

Курорт әкімшілігі қарт туристерді, балаларды және созылмалы ауруы бар адамдарға қатты ыстықта далаға шықпауын өтінді.