Түркия туристердің әдемі селфи жасауы үшін ұсқынсыз 240 ғимаратты бұзады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Shutterstock © Shutterstock

Түркияның қоршаған орта және қала құрылысы министрлігі "Мардин қаласының тарихи көрінісін бұзатын" 240 ғимаратты бұзуға шешім қабылдады. Ол үшін 10 миллион түрік лирасы бөлінді. Биліктің пікірінше, мұндай ауқымды бұзу туризмді дамыту үшін қызмет етеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Вестник АТОР басылымына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Айтпақшы, бұл туристер үшін басталған Түркиядағы осындай алғашқы ауқымды акция. Мардиннің Туризм және қонақүйлер қауымдастығының президенті Озгур Гюнгер туристерге жергілікті ежелгі шіркеулер, мешіттер, медреселер мен сарайлар өте ұнайтынын айтты. Бірақ тарихи ғимараттар арасында орналасқан бетон құрылымдар мен құрылыстар көріністі бұзады. Бұл қаланың жағымсыз бейнесін жасайды және фотосуретті бұзады. Көптеген келушілер осыған шағымдан екен.

© Shutterstock

"Бұдан Мардиндегі бизнес саласы да ұтады. Қалада ескі ғимараттар бар, олардың террасалары кафе немесе қонақүй-мейманхана ретінде пайдаланылады. Егер туризм күшейсе, мұның бәрі ұтады, олар - туристік компаниялар, қонақүйлер, мейрамханалар және кәдесый сатушылар. Мұның бәрі қала экономикасының қалпына келтіреді", - дейді Қала құндылықтарын сақтау қауымдастығының президенті Мехмет Башир Гюнеш.

© Shutterstock

Мардин - Түркияның оңтүстік-шығысындағы маңызды туристік орталықтардың бірі, соңғы жылдары шетелдік туристер арасында танымал болып келеді. 2012 жылдан 2019 жылға дейін қалаға келетін туристер саны жылына 2-ден 5 миллионға дейін өсті.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная