Түркия туристерден ПТР-тест талабын алып тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Түркия 1 маусымнан бастап туристерден елге кіру үшін ПТР-тестінің де, антигенге жедел тестің де теріс нәтижелерін талап етпейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TRT Хабер арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия 1 маусымнан бастап туристерден елге кіру үшін ПТР-тестінің де, антигенге жедел тестің де теріс нәтижелерін талап етпейді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TRT Хабер арнасына сілтеме жасап.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, Түркияның ішкі істер министрлігі 81 аймақтың билігіне "елге кіру шаралары туралы" циркуляр жіберді.

Құжатқа сәйкес, 1 маусымнан бастап Түркияға барлық шекара бекеттері (құрлық, әуе, теңіз және теміржол) арқылы кіру үшін 72 сағат бұрын жасалған теріс ПТР-тесті туралы есепті де, антигенге экспресс-тестің теріс нәтижесін де көрсету қажет емес.

Елге кіру талаптарын жеңілдету жақында COVID-19 ауруының төмендеуінен, сондай-ақ пандемияның халықтың денсаулығына қауіп төндірмеуінен кейін мүмкін болып отыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная