Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын өзгертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye нұсқасына өзгертті. Осылайша, халықаралық деңгейде "түйетауық" дегенді білдіретін түрік елінің ағылшын тіліндегі нұсқасы Turkey жойылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Түркия ресми түрде шетелдіктер үшін атауын түрік тіліндегі Türkiye нұсқасына өзгертті. Осылайша, халықаралық деңгейде "түйетауық" дегенді білдіретін түрік елінің ағылшын тіліндегі нұсқасы Turkey жойылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап. 

Құжаттардағы ел атауын өзгертудің ресми нұсқасы мынадай: Түркия Республикасы басшылығының мәліметінше, жаңа емле экспорттың кеңеюіне байланысты ел брендінің танымалдығы мен құндылығын арттырады. Айта кетейік, инновация бойынша қарқынды жұмыс қаңтар айынан бастап жүргізілді, ал 2021 жылдың желтоқсанында президент Режеп Ердоған елдің жаңа халықаралық атауы туралы тиісті жарлыққа қол қойды.

Сәрсенбі, 1 маусымда Біріккен Ұлттар Ұйымы Түркияға елдің жаңа атауы ретінде Türkiye атауын тіркеді деп мәлімдеді.

Енді шет тілде Turkey емес, Türkiye қолданылады, ал елдің толық ресми атауы "Түркия Республикасы" болады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная