TUI Kazakhstan-да жолдамаларға 40 пайызға дейін жеңілдік жарияланды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
TUI Kazakhstan мәліметінше, қазір - орын ауыстырып, жақындарыңызбен уақыт өткізу үшін турларды брондаудың ең қолайлы уақыты.
"Біз компания ретінде адамдардың алаңдап отырғанын түсінеміз. Әр сәттің, өмірдің, отбасының құндылығы артып келеді. Сондықтан біз серіктестермен кездесуге барамыз. Енді жағымды нәрсеге ауысудың, яғни демалу уақыты келеді. Біз әсер ете алмайтын нәрселер бар, бірақ біз өзімізді жағымсыз жаңалықтардан алшақтатып, жағымды жаңалықтармен қуанта аламыз. Көптен күткен демалысқа шығып, өзімізге қамқорлық жасай аламыз. Демалыста жақындарымызбен уақыт өткізе отырып, біз жағымды эмоциялар мен жаңа әсерлерге бөленеміз", - деді TUI Kazakhstan бас директоры Салтанат Омарова.
Туризм қазір көптеген факторға жауап береді және TUI Kazakhstan барлық бағыт бойынша брондаудың ыңғайлы шарттарын ұсынуға дайын. Бірқатар елден туристер ағыны объектив себептермен үзіліп, қабылдаушы компаниялар мен қонақүйлер бұрын-соңды болмаған жеңілдіктер - 40 пайызға дейін беруге дайын. Бұл наурыздағы көптеген турдың одан да арзан болуына әсер етті.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!