Түркия мен Нидерландыда қатаң локдаун енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Түркия мен Нидерландыда қатаң локдаун енгізіледі, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия мен Нидерландыда қатаң локдаун енгізіледі, - деп хабарлайды РИА Новости.

Түркия президенті Тайып Ердоған жаңажылдық мерекелерде 31 желтоқсан сағат 21.00-ден 4 қаңтар сағат 05.00-ге дейін коменданттық сағат енгізілгенін жариялады.

"Министрлер кабинетінің бүгінгі отырысында 31 желтоқсан кешкі тоғыздан 4 қаңтар таңғы беске дейін коменданттық сағат белгілеу туралы шешім қабылданды", - деді Ердоған Анкарада сөйлеген сөзінде.

Мұның алдында елде шектеу шаралары қатаңдатылғаны хабарланған болатын. Елде сейсенбіден бастап монша, сауна, бассейндер, жаттығу залдары жұмысын тоқтатқан еді. Сауда орталықтарына тек код арқылы шектеулі адам кіргізілетін. Сондай-ақ, кафе мен мейрамханалардың қызметі тоқтатылған болатын.

Дереккөз мәліметінше, Нидерландыда да 19 қаңтарға дейін қатаң карантин енгізіледі. Бұл туралы елдің премьер-министрі Марк Рютте мәлімдеді.

Оның айтуынша, қатаң карантин шаралары 15 желтоқсанға қараған түні басталады. Елдергі барлық дүкен жабылады, тек азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Музей, театр, саябақтар, казино, сауналар, қоғамдық тамақтану орындары мен сұлулық салондары қызметін тоқтатады.

Мектептер мен университеттер 16 желтоқсаннан бастап қашықтан оқуға  көшеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная