Түркия коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаны сатып алмайтын болды. Себебі ол зертханалық тәжірибеге сәйкес келмейді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа айтты.
"Мәселе ресейлік вакцинаның GLP-ге (зертхана тәжірибесіне) сәйкес келмеуінде. Сондықтан ол біздің мүддемізге сәйкес емес", - деп келтіреді Haberturk министрдің сөзін.