Түркия қонақүйлері вакцина алған туристерге жеңілдіктер бере бастады

Түрік қонақүйлері жаңа акция ойлап тапты. Олар вакцина алған азаматтарға жеңілдіктер бере бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Осылайша, қонақүйлер осы маусымда туристерді тартуға тырысады және мемлекетке вакциналау қарқынын сақтауға көмектеседі.

Дисконт Түркияның Қара теңіз жағалауындағы курорттық қала Ризе қонақүйлерінде жұмыс істей бастады. Вакцинаны толық салдырған немесе кем дегенде бір компонентін алған адамға 10 пайыздық жеңілдік беріледі.

Жарнамалық бағдарлама негізінен жергілікті тұрғындар арасында сұранысқа ие, өйткені Түркияның Қара теңіз жағалауы шетелдік туристер үшін Жерорта және Эгей теңіздеріндегі басқа да курорттарға қарағанда аса танымал.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!