Түркия жыл соңына дейін туристік маусымды ұзартады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анталия, Түркия. Фото: pixabay.com Анталия, Түркия. Фото: pixabay.com

Түркия биыл туристік маусымды жыл соңына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Profi.travel сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия биыл туристік маусымды жыл соңына дейін ұзартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы елдің мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой мәлімдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Profi.travel сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның жоспарына сәйкес, 2021 жылдың соңына дейін Түркияға 35 миллионнан астам турист келеді. Бұл 2019 жылғы рекорд көрсеткіштің 80 пайызын құрайды. Ол кезде елге 45 миллион адам келген. Егер жоспар орындалса, туристік саланың биылғы кірісі 20 миллиард долларға жетеді.

Мәдениет және туризм министрі пандемияға қарсы туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық шара жоғары деңгейде сақталатынын айтты.

"Түркияға келген туристер COVID-19 сынағы, вакцина, карантин сияқты бақылаудың барлық түрінен өтеді. Вакцинасыз қажетті сынақтардан өтпеген адам, тіпті ұшатын жерінде де ұшаққа отыра алмайды және ұшып кете алмайды. Туристерге тестілеу жүргізбеу деген секілді жағдайлар болмайды", - деді министр.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная