Түркия билігі ел курорттарындағы жағажай маусымы 2020 жылға қарағанда кештеу аяқталады деп мәлімдеді. Оның аяқталу күнін Анталия туризм инвесторлары қауымдастығының (TISOYAB) президенті Хусейн Айдоган атады. Бұл туралы Türkiye Turizm газеті жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Біздің аймақтағы туристік маусым бір айдан кейін - 10-15 қараша аралығында жабылады", - деді ол.
Сондай-ақ, Хусейн Айдоган қонақүйлердің шамамен 80 пайызы жабық болады, қалған 20 пайызы қыста демалушыларға қызмет көрсетуді жалғастыратынын атап өтті.
Сарапшы коронавирус шектеулеріне байланысты республикада жағажай маусымы әдеттегіден кеш басталғанын - мамыр айының басынан емес, 22 маусымнан басталғанын еске салды. Осыған байланысты жағажай демалысы кезеңін ұзарту туралы шешім шығарылған.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!