Түркиямен әуе қатынасының жабылуына байланысты Сочиде (Ресей) мамыр айындағы туристік пакет 112 пайыз қымбаттады. Бұл туралы "Известия" газеті "Тинкофф саяхат" және "Травелатаның" бірлескен зерттеу мәліметтеріне сілтеме жасап жазады, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы.
Сарапшылар 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда саяхат 15-20 пайызға қымбаттағанын атап өтті.
"Краснодар өлкесі мен Қырымның курорттарына турлар төрт және бес "жұлдызды" жоғары деңгейлі қонақүйлердің арқасында қымбаттады. Мұндай қонақүйлерді шетелде демалуға дағдыланған туристер брондайды", - деп түсіндірді "Дельфин" туроператорының бас директоры Сергей Ромашкин.