Түркия денер-кебабты тіркеуге өтініш білдірді: Германия қарсы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Түркияның денер-кебабын Еуропалық Одақта дәстүрлі түрік өнімі ретінде тіркеу туралы өтініші Германияның наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркияның денер-кебабын Еуропалық Одақта дәстүрлі түрік өнімі ретінде тіркеу туралы өтініші Германияның наразылығын тудырды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Deutsche Welle басылымына сілтеме жасап.

Стамбулдағы халықаралық денер-кебаб федерациясы нан қалыңдығының стандарттарын белгілеп, ет түрлерін шектегісі келеді: тек қой мен сиыр еті. Бұл ретте Германия денер-кебабты бұзау етінен дайындайды. Басқаша айтқанда, Түркия денер-кебабты кепілдендірілген дәстүрлі ерекшеліктері бар еуропалық азық-түлік тізіміне қосқысы келеді, делінген материалда.

Өтінім қабылданған жағдайда, денер-кебаб қорғауға ие болады. Бұл денерді дайындау технологиясын сақтамағаны үшін санкция салынатынын білдіреді.

"Денер өндірісі стандарттарының өзгеруі неміс нарығына қатты әсер етеді және жағымсыз экономикалық салдарға әкеледі. ГФР билігі Еурокомиссияға қарсылық білдіріп үлгерді", - делінген мақалада.

БАҚ бұл денердің Берлин мен Ыстамбұл арасында дипломатиялық жанжал тудырған бірінші оқиға емес екенін еске салады.

Бұл ретте, денер Германиядағы ең танымал фастфуд түрлерінің бірі болып табылады. Жақында ол танымалдығы бойынша аты аңызға айналған Берлин карри шұжықтарынан да асып түскен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная