Түркия әуежайында траптан секірген жолаушы қайтыс болды

Түркия әуежайында жас әйел ұшаққа отырғызу кезінде жолаушылардың көзінше траптан секіріп, қайтыс болды. Полиция өкілдері әйелдің мұндай қадамға неліктен барғанын тексеріп жатыр, - деп хабарлайды Sabah.

32 жастағы Бейза Таскиран Антальядағы IT-компанилардың бірінде маркетинг бойынша менеджер болып қызмет атқарған. Ол Измир қаласына туристік жәрмеңкеге барып, үйіне қайту үшін ұшаққа отырмақ болғанда осындай әрекетке барған. Куәгерлердің айтуынша, жолаушы 14 метр биіктен құлап, қайтыс болған. Сондай-ақ, Таскиран секірмей тұрып телефонмен сөйлесіп, біреумен дауласқаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта полиция қыздың кіммен сөйлескенін тексеріп жатыр. Тергеу барысында қызбен сөйлескен адамды сұрау алу үшін шақырады. Әйелдің отбасы осы жайттан есеңгіреп қалған, олар жерлеу рәсімін өткізу үшін оның денесін алып кеткен.

Сурет sabah.com.tr сайтынан