Туризм үшін әлемде табысты қала аталды

Экономикаға туризмнен түсетін табыс рейтингінде Париж қаласы көш бастады. World Travel & Tourism Council (Бүкіләлемдік туризм және саяхат бойынша кеңес) ұйымы Франция астанасын туристік сала үшін ең табысты қала деп атады.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес, 2022 жылы Париж туризмнен 36 миллиард доллар табыс тапқан. Екінші орында Қытай астанасы Бейжің - 33 миллиард доллар, үшінші орында - АҚШ-тың Флорида штатында орналасқан Орландо қаласы (31 миллиард доллар).

Үздік ондыққа тағы екі қытайлық қала енген, олар Шанхай және Гуанчжоу, екі америкалық қала - Лас-Вегас және Нью-Йорк кірген. Рейтингтегі үздік ондық мынадай:

1. Париж - 35,65 миллиард доллар
2. Бейжің - 32,62 миллиард доллар
3. Орландо - 31,1 миллиард доллар
4. Шанхай - 29,69 миллиард доллар
5. Лас-Вегас - 22,99 миллиард доллар
6. Нью-Йорк - 21,09 миллиард доллар
7. Токио - 17,97 миллиард доллар
8. Мехико - 16,76 миллиард доллар
9. Лондон - 14,92 миллиард доллар
10. Гуанчжоу - 13,15 миллиард доллар

Рейтингті құрастыру кезінде мамандар жалпы ішкі өнімге туризм салымдарын, саяхатшылар шығындарын, сондай-ақ осы саладағы жұмыс орындарын ескерген. Жалпы осы рейтингке 82 қала енген.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.