Туризм әлемдік экономикаға 8,6 триллион доллар әкеледі - WTTC болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Туризмнің әлемдік ЖІӨ-ге қосқан үлесі пандемияға дейінгі деңгейге оралуы мүмкін. Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) зерттеуіне сәйкес, сектордағы пайда 8,6 триллион долларды құрайды. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 6,4 пайызға аз, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі World Travel & Tourism Council сайтына сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Ковидтік шектеулерден бір жыл бұрын туризм әлемдік экономикаға шамамен 9,2 триллион доллар әкелді. Алайда, 2020 жылы пандемия сектордың толықтай тоқтап қалуына әкеп соқты, бұл 49,1 пайызға дейін күрт құлдырауға әкелді, яғни шамамен 4,5 триллион доллар шығын болды.

WTTC президенті және бас атқарушы директоры Джулия Симпсонның айтуынша, ел басшылары нарықты қалпына келтіруге көмектесуі керек.

"Адамдар қайтадан саяхаттай бастағанда, үкіметтер жеңілдетілген ережелерді, соның ішінде цифрлық шешімдерді қолдануы керек", - деді ол.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная