COVID-19-бен күресу шаралары бүкіл әлемде жеңілдетіліп жатыр. Kaz.tengritravel.kz және Aviata.kz туристер үшін шектеулерді жеңілдетуге шешім қабылдаған елдер туралы әңгімелейді.
Грузия
Грузияда 28 наурыздан бастап ашық жерлерде бетперде кию ережесі жойылды. Әзірге жеке құралдарды тек қоғамдық көліктерде және жабық жерлерде кию керек. Бүгінгі таңда тамақтану объектілеріне келушілер санына, сондай-ақ спорттық, мәдени және қоғамдық іс-шараларға барлық шектеу алынып тасталады.
Польша
Польшада 28 наурыздан бастап келушілер үшін маска режимі мен міндетті карантиннен бас тартылды.
Израиль
Израильде COVID-19 таралуына байланысты барлық негізгі карантин шектеуі алынып тасталды. Жергілікті азаматтар мен туристерге қонақүйлерге, мейрамханаларға, дүкендерге және басқа да қоғамдық орындарға бару үшін "жасыл төлқұжат" қажет емес. Мұндай құжат тек "тәуекелі жоғары" іс-шараларда, мысалы, көптеген қатысушысы бар мерекелерде немесе кештерде қажет болады. Израильдегі антиковид шаралардың ішінен тек бетперде қалды: билік жабық жерлерде бетперде кию туралы талапты 2022 жылдың 15 сәуіріне дейін ұзартты.
Швеция
1 сәуірден бастап Швеция үшінші елдердің азаматтары үшін барлық ковид шектеуін алып тастайды. ПТР және антиген тестілері, вакциналау, аурудан жазылғаны туралы сертификаттарын ұсынбай кіруге рұқсат етіледі. Бұрын мұндай ережелер тек Еуропалық Одақ азаматтары үшін жарамды болатын.
Кения
Бұған дейін Кения көптеген шектеуді, соның ішінде қоғамдық орындарда бетпердені міндетті түрде киюді және оң сынақтан өткендерге карантиннің барлық түрін алып тастады. АТОР мәліметінше, вакцина алған туристерге ұшуға дейін ПТР сынағы қажет емес.
Оңтүстік Африка Республикасы
Оңтүстік Африка Республикасы вакцина алған саяхатшылар үшін ПТР-тестілеу талабын алып тастады. Кіру үшін вакцина сертификаты немесе 72 сағаттан аспайтын ПТР-тестінің теріс нәтижесі қажет. Маскалар енді ашық жерлерде қажет емес, бірақ оларды сауда орталықтарында, мұражайларда, мейрамханаларда және қоғамдық көліктерде кию керек.
Сейшел аралдары
15 наурыздан бастап вакцина алған туристер ұшуға дейін ПТР сынақтарынан босатылды. Алғашқы вакциналаудан бері алты ай өтсе, COVID-19 вакцинасының алғашқы екі дозасын, сондай-ақ үдеткіш дозасын алған 18 жастан асқан ересектер вакцина алған деп саналады. 12 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерге препараттың екі дозасын алу жеткілікті.
Вакцина алмаған немесе ішінара вакцина алған келушілер ұшуға дейін 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тестің теріс нәтижесін немесе 24 сағаттан аспайтын антигенге экспресс-тест ұсынуы тиіс.
Сингапур
Сингапур 1 сәуірден бастап вакцина алған саяхатшыларға туристік мақсатта кіруге рұқсат береді. Вакцина салдырған жолаушылар Сингапурға келген кезде карантинге жіберілмеуі керек, бірақ олар ұшуға дейін 48 сағат бұрын ПТР-тестін тапсыруы керек.
Үндістан
Үндістанда пандемияға байланысты енгізілген барлық шектеу шарасы 31 наурыздан бастап тоқтатылды. Сонымен бірге ел тұрғындары коронавирустың алдын алу үшін медициналық маскалар киюді және гигиена ережелерін сақтауды жалғастыруы керек.
Индонезия
Индонезияда 23 наурыздан бастап шетелдік туристерге Индонезия аралдарында, соның ішінде Балиде карантин сақталмай демалуға рұқсат етілді. Арнайы қонақүй брондау да қажет емес. ПТР-тестілері міндетті талап болып қала береді. Бірінші тест Индонезияға барар алдында 48 сағат ішінде, екіншісі келген кезде жасалуы керек.
Бұған дейін АТОР тағы 20 ел: Италия, Болгария, Молдавия, Германия, Ұлыбритания, Греция, Нидерланды, Франция, Өзбекстан, Таиланд, Иран, Камбоджа, Вьетнам, Моңғолия, Бангладеш, Мальдив, Маврикий, Намибия, Канада және Австралия қарсы шараларды жою немесе жеңілдету туралы жазған.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.