Туристерге Жапонияның кейбір көшесіне баруға тыйым салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Жапон қалаларының бірінде туристерге гейша ауданындағы бірқатар көшеден өтуге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жапон қалаларының бірінде туристерге гейша ауданындағы бірқатар көшеден өтуге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Euronews деректеріне сәйкес Жапонияның ежелгі астанасы Киото өзінің әйгілі гейшалар ауданындағы кейбір аллеяның жабылатынын жария етті. Оған келушілердің жағымсыз мінез-құлқына қатысты шағым себеп болған.

Жергілікті шенеунік Исоказу Отаның сөзінше, туристер гидтердің соңынан еріп, Гион ауданының тар, әрі жайлы көшелерінде топтасып, тым ұзақ жүретінін айтты.

"Сәуірде туристерге жекеленген көшелерімізден аулақ жүруді меңзейтін белгілерді орнатамыз. Белгідегі ескерту жапон және ағылшын тілдерінде жазылады. Онда "Бұл жеке көше. Сізге өтуге рұқсат етілмейді" деген сипаттағы хабарлама болады, - деді ол.

Тыйым салу туралы ескерту негізінен автокөліктерге емес, жаяу жүргіншілерге бағытталғанын айта кету керек.

"Айыппұл мөлшері 10 000 иен шамасында болады", - деп қосты шенеунік.

Айта кетейік, аталмыш шектеу Гионның бірнеше ауданында ғана қолданылады. Қаладағы қоғамдық көшелер туристер үшін ашық болып қала береді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная