Туристердің Google-дегі 140 000 пікіріне негізделген көрсеткіш бойынша ең жақсы және нашар қалалар аталды. Сарапшылар саяхатшылар арасында ең танымал 20 қаланың бағасын талдады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тravel Daily News сайтына сілтеме жасап.
Туристердің қалаларды аралап, жергілікті көрікті жерлерге баруы туралы жағымды және жағымсыз бағаларын зерттеудің нәтижесі Стокгольмның ең жақсы әсер қалдырғанын көрсетті. Google-дегі 2 900 шолудың 93 пайызы оң пікір қалдырған, ал пайдаланушылардың үштен бірі ең жоғары баға берді.
Стокгольм, Швеция. Фото ©Shutterstock
Стокгольмнан басқа Дубай күткеннен де жақсы әсер қалдыратын қалалардың тізімінде. Дубай туралы Google-дегі пікірдің 92,9 пайызы оң болды, 26,7 пайызы "ең жақсы", ал 23,7 пайызы қаланы "таңғажайып" деп бағалады.
Дубай, БАӘ. Фото ©Shutterstock
Жалпы, туристердің әсері күткенінен асып түсетін ең жақсы бес қала Google-де осылай көрінеді:
1. Стокгольм - 93,0 пайыз,
2. Дубай - 92,9 пайыз,
3. Кейптаун - 92,0 пайыз,
4. Амстердам - 91,6 пайыз,
5. Куала-Лумпур - 91,4 пайыз.
Үздік бестікте кейін 91,2 пайыз оң пікір жинаған Нью-Йорк келеді.
Париж, Франция. Фото ©Shutterstock
Google шолуларына сәйкес, туристердің үмітін ақтамаған ең нашар бес қала мынадай:
1. Париж - 18,1 пайыз,
2. Гонконг - 15,9 пайыз,
3. Сеул - 13,3 пайыз,
4. Бангкок - 12,6 пайыз,
5. Сингапур - 12,2 пайыз.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!