Saffron халықаралық компаниясы әлемде туристерді тарту үшін ең мықты брендтер қай қалаларда құрылғанын зерттеп, анықтады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Saffron-consultants.com басылымына сілтеме жасап.
Туристер үшін жағдай жасау, қауіпсіздік, өмір сүру сапасы, комфорт - зерттеушілер рейтинг құрастыру үшін осыларды негізгі көрсеткіштер ретінде алған. Компания мамандарының айтуынша, шетелдіктердің пікірін және Google Trends қосымшасындағы сұраныстар мөлшерін ескерген. Рейтинг көшбасшылары - Париж, Лондон және Токио - мұнда көрнекі орындар саны өте көп әрі қылмыс деңгейі төмен.
Туристер үшін ең үздік қалалар:
Жалпы рейтингке әлемнің 109 қаласы енген. Бұл қалалар авторлардың ойынша, жаһандық туризмге әсері бар және туристердің қаражат жұмсау көреткіші мен жергілікті экономикада алатын орны ескерілген. Зерттеушілер әлем бойынша 1000-нан аса маманмен сауалнама жүргізген. Қалалардың туристерге не бере алатыны, таңдалған қала туралы жұртшылық не айтады және қандай әсер алғандарын бағалаған.