ParkSleepFly зерттеушілері туристер үшін күн сәулесі көп әрі арзан елдерді атады. Талдауда күн әлемнің әртүрлі демалыс орнында күніне қанша сағат жарқырайтыны, сондай-ақ күншуақтың орташа құны ескерілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі TravelDailyMedia сайтына сілтеме жасап.
Күн климаты бар ең арзан қала Тирана (Албания) деп танылды. Онда күн сәулесінің бір сағатының шартты құны 5,88 долларды құрайды (шамамен 2 490 теңге). Тиранада жылына орташа есеппен 3 452 сағат күн сәулесі түседі, бұл күніне шамамен 9,5 сағатты құрайды.
"Жарқын" күндері бар екінші арзан бағыт - Денпасар (Бали), онда күн сағатының құны 6,78 долларды (2 868 теңге) құрайды. Мұнда күн жылына орта есеппен 3 138 сағат және күніне шамамен 8,6 сағат жарқырайды.
Рейтингтің үшінші орнын Йоханнесбург (Оңтүстік Африка Республикасы) алады, онда күн сәулесінің бір сағаты 8,02 долларды (3 392 теңге) құрайды. Жыл бойы керемет ауа райының арқасында Йоханнесбург жыл сайын климаты, жабайы табиғаты мен мәдениеті бойынша миллиондаған туристі тартатын әлемдегі ең жақсы демалыс орындарының бірі болып саналады. Йоханнесбургте жылына шамамен 3 334 сағат күн сәулесі түседі, яғни күн сайын орташа есеппен 9,1 сағат күншуақ болады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!