Өткен жексенбіде Жаңа Каледония елінің (Тынық мұхитының батыс бөлігіндегі арал) адамдар толы жағажайында шетелдік туриске акула шабуыл жасады, - деп хабарлайды француздық AFP басылымы жергілікті прокурорға сілтеме жасап.
Нақтыланған мәліметке сәйкес, аустралиялық 59 жастағы ер адам ел астанасы Нумеа қаласының жағажайынан 150 метр жерде қалқымалы көпір маңында жүзіп жүрген уақытта акуланың шабуылына ұшыраған. Біршама уақыттан соң оны осы маңайда жүрген екі турист катерге көтеріп, жағажайға жеткізген. Құтқару қызметі ер адамға алғашқы көмек көрсеткен, алайда оның екі қолы мен екі аяғы қатты жараланып, көп қан жоғалтқанына байланысты сол жерде жан тапсырған.
Сол күні Нумеаның оңтүстігіндегі Шато-Рояль жағажайында әдеттегідей адам көп болған және осы оқиға олардың көз алдында болған. Алайда олар ер адамға көмектесуге жүрексінбеген. Суда болғандар дереу жағаға қашқан.
Қауіпсіздік мақсатында Нумеа мэрі Соня Лагард оқиға болған аймақтағы жағажайларды жапқан және жолбарыс және бұқа акулаларын ұстауға бұйрық берген. Полиция мәіліметінше, теңіз жыртқыштарын ұстауға ұшқышсыз ұшу апараттары жұмылдырылған, соның арқасында екі акуланың қай аймақта жүргені белгілі болған. Прокурор мәліметінше, ер адамның өліміне қатысты тергеу шаралары басталды, енді құтқарушылардың жыртқышты неге байқамағаны тексеріліп жатыр.
Тұрғындардың айтуынша, бұл бірінші жағдай емес. Бір ай бұрын 49 жастағы ер адам Шато-Рояль жағажайында акула шабуылынан зардап шеккен. Тағы бірнеше күн өткенде акула серферге шабуылдаған, абырой болғанда оған еш зиян келмеген.
Анықтама: Жаңа Каледония Вануату оңтүстігінде Аустралияның шығысынан 1 200 шақырым жерде орналасқан. Францияның әкімшілік-аумақтық құрылуын білдіреді. 1958 жылдан бері бүкіл әлем бойынша акулалардың шабуылын есепке алатын Флорида табиғи тарих мұражайының мәліметінше, бұл акулалардың шабуылының жалпы саны бойынша әлемде 13-орында.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!