Туристер саяхаттағы ең көп көңілі қалған жерлер жайында айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

@expllored @expllored

Кейде саяхатта күткен нәрсеңіз көңіліңізден шыға бермеуі мүмкін. Біз әлеуметтік желіден көрген әдемі жерде керемет саяхат болады деп күтеміз, оның ар жағында суреттің әдемі шығуына таңдалған ракурс, уақыт, жарық немесе фотошоп жатқанын түсіне бермейміз. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі саяхатшылардың ең бір көңілі қалған жерлері туралы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Кейде саяхатта күткен нәрсеңіз көңіліңізден шыға бермеуі мүмкін. Біз әлеуметтік желіден көрген әдемі жерде керемет саяхат болады деп күтеміз, оның ар жағында суреттің әдемі шығуына таңдалған ракурс, уақыт, жарық немесе фотошоп жатқанын түсіне бермейміз. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі саяхатшылардың ең бір көңілі қалған жерлері туралы баяндайды.

Дүниежүзінің түкпір-түкпірінен келген туристер Reddit сайтында саяхатта көңілінен шықпаған жерлер жайында жазады. Кейбір әңгімелерді Buzzfeed.com сайты жинақтаған. Сайтта жинақталған пікірлер жеке адамдарға тиесілі, кейбір адамдардың ойымен сәйкес келмеуі, кейде шындыққа жанаспауы да мүмкін.

Греция Санториниіндегі Қызыл жағажай

"Грекияның басқа аралдарына қарағанда, Санторини өз жағажайымен танымал емес. Бірақ Қызыл жағажай – ең танымалы. Жолнұсқаушылар да, блогтар да оған баруды ұсынады. Әрине, тұрған жері ерекше, бірақ суреттегідей ғажап емес. Сонымен қатар, онда адам өте көп. Жағажайға әдемі көрініс судан жақсы көрінеді, сондықтан Санторини жағажайын тамашалау үшін қайыққа отырған абзал. Бағыңызға қарай, аралды толық аралап көрсететін қайықтағы экскурсиялар бар".


Қызыл жағажай, Санторини. Фото pixabay.com

Нью-Йорктегі Бостандық аралына бару

"Сіз бұл жерден мүсінді тамашалаймын деп мойныңызды қайырып алуыңыз ғажап емес. Оның орнына Статен-Айлендке дейін паромға отырыңыз. Бұл тегін. Қаржы округінен Статен-Айлендке дейін 30 минуттық жол. Паромда жеңілдікпен шарап ұсынылады. Міне, осы жерден Бостандық мүсіні мен Эллис аралына керемет көрініс ашылады. Сосын кері Манхэттенге қарай тағы да қайыққа отырыңыз. Бұл бір сағат уақытты алады, бірақ бұл сапар ерекше есте қалары анық".

Бали аралындағы Тегалаланг күріш даласы

"Бали аралындағы Тегалаланг күріш даласы. Мен Убудтегі жайқалған күріш алқаптарын суреттен көріп, барғанша асықтым. Олар керемет әдемі еді, бірақ айналасы жасанды, барлығы Instagram желісінде суретке түсетіндей ойластырылған. Мұнда құс ұясымен безендірілген жүрек тәрізді орындықтар, күріш алқаптарының үстіне орнатылған алтыбақандар бар. Барлығы ғажап суретке түсуге арналған және ақылы. Осының әсерінен табиғи күріш алқабы бейне бір жасанды жердей көрінеді".

Аризонадағы Антилопа шатқалы

"Антилопа шатқалы. Сіз де бұл суреттерді көрген шығарсыз. Мені жаңсақ түсінбеңіз, күн өте салқын болды және туристер де көп еді. Мен аңғалдық таныттым. Тур аяқталғанша асықтым".


Антилопа шатқалы. Фото pixabay.com

Перудегі Кемпірқосақ тауы

Ескерте кетейін, бұл шынында кемпірқосақ емес. Турист Перудің ең танымал жерлерінің біріне барғаны туралы жазады.

"Перудегі Кемпірқосақ тауына бару. Мен Google-дағы кейбір фотосуреттердің шын мәнінде қалай фотошоппен жасалатынын енді ғана түсінгендеймін".

Мысырдағы Гиза пирамидалары

"Ұлы Гиза пирамидаларына бару, әрине, керемет. Бірақ пирамиданың айналасында құж-құж қайнаған саудагерлер тобы бұл жердің кереметін қорқынышқа айналдырады. Біздің туристік топтағы бір әйел адам күзетшіге суретке түсіруін өтінген еді, ол ақы сұрап, телефонын қайтармайтынын айтты. Осы уақыт ішінде саудагерлер айғайлап, бізден бас орамалдар мен әртүрлі кәдесый сатып алуды талап етіп, менің көңіл күйімді одан әрі бұзды. Мен бұл сапарды тағатсыздана күтіп едім, енді әбден көңілім қалды".

Римдегі Треви субұрқағы

Көп турист жинау кейбір әлемдік көрнекті жерлердің үзілмейтін дәстүрі десе болады. Римдегі Треви субұрқағы да сондай.

"Треви субұрқағы. Әсте кинофильмдегідей көрінбейді. Ол кішкентай, көшенің бір бұрышында... бірақ, сіз сол үшін Римге келдіңіз".


Треви фонтаны, Рим. Фото pixabay.com

Бангкоктағы Каосанроуд

Сіз бұрын-соңды Бангкокта болсаңыз, онда әрине, Каосан көшесінде болдыңыз. Бұл Оңтүстік-Шығыс Азия туристерінің жұмағы десе болады. Бірақ осы жерден бір туристің әбден көңілі қалған екен.

"Мен Таиландты жақсы көремін, бірақ Каосанроудты суқаным сүймейді. Бұл жер арнайы туристерді таңғалдыруға, олар өздерін таңдай қақтырар нәрсе жасап жүрміз деп сезіну үшін ойластырылған. Тіпті мынадай белгілер де қойылған: "Сарышаянды 5 долларға суретке түсір!" және "Мұнда жалған құжат жасайды!" Бұл кәдесый дүкендері мен барлар, қаланың басқа жерімен салыстырғанда жиіркенішті әрі жасанды".

Исландиядағы Алтын айналма жол

Жұмаққа барар жол кейде кептелістен, толған автобустар мен үлкен кезектерден тұруы мүмкін. Бір турист Исландияға барған сапарымен бөлісіп, бұл аймаққа бармай, басқа жерін аралауды ұсынған сыңайлы.

"Исландиядағы Алтын айналма жолмен жүру. Мен Исландияны әлемдегі табиғаты таңғажайып, ерекше ел деп танимын. Солай бола тұра, Алтын айналма жол менің көңілімнен шықпады. Бұл айналма жол танымал туристік бағыт болып саналады. Ол сізді Гюдльфосс сарқырмасының, Гейсир геотермалды аймағы мен Тингвеллир ұлттық саябағының жанынан алып жүреді. Бірақ, туристер толған автобустармен жүргенде, өзіңді табиғат аясында емес, ойын-сауық саябағында жүргендей сезінесің. Егер сіз жалға берілетін көлік алып, Исландияның оңтүстік жағалауынан Снафелснес түбегіне дейін жүрсеңіз, адам аяғы баспаған, керемет табиғат сұлулығына куә боласыз".

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная