Туристер мінген кеме ашық теңізде өртенді - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Daily Mail видеосынан кадр Daily Mail видеосынан кадр

Ұлыбританияның ондаған турисі ағаштан жасалған кемедегі өрттен таңғажайып жағдайда аман қалды. Грекияның Родос аралындағы оқиғаның видеосын Daily Mail басылымы жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияның ондаған турисі ағаштан жасалған кемедегі өрттен таңғажайып жағдайда аман қалды. Грекияның Родос аралындағы оқиғаның видеосын Daily Mail басылымы жариялады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Төтенше жағдай Архангелос қаласының Стенга жағажайынан 300 метр жерде ашық теңізде болған. Саяхатшылар сноркелингпен (терең емес суда су асты жүзу) айналыспақ болған, алайда олардың кемесі кенеттен өртене бастаған.

Кеменің жолаушылары балаларымен бірге суға секірген, себебі өрт лезде бүт кемені шарпыған.

Грекиялық жағалау күзеті барлық туристердің құтқарылғанын және жағаға жеткізілгенін айтты. Ал кеме болса толықтай өртеніп, суға батқан. Жолаушыларды автобуспен қонақүйге жеткізген.

"Кейінірек барлығымызды полиция алып кетіп, сұрау алды. Қуанышқа орай ешкім зардап шеккен жоқ, алайда менің тоғыз жастағы ұлым қатты қорқып қалды", - дейді оқиғаны бастан өткерген Шон Уильямс есімді азамат.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная