Малайзия туристер үшін жазда ашылуы мүмкін. Ел шетелдік туристер үшін шекараны 2021 жылдың үшінші тоқсанынан бастап ашуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Каz.tengritravel.kz порталы Profi.Travel сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Малайзия оңтүстік-шығыс Азиядағы мемлекеттер ішінде алғашқылардың бірі болып ашылмақ. Ол үшін ел үкіметі туристік сала қызметкерлерін вакцинациялау қарқынын күшейтті.
Қазір ішкі туризмнің арқасында сектордың барлық инфрақұрылымының жұмыс қабілеті жақсы болғандықтан, ел шетелден келген туристерді қабылдауға дайын болады.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтар Малайзияға Air Astana ұшақтарымен Алматы - Куала-Лумпур тікелей рейсімен ұшатын. Қазақстан азаматтары Куала-Лумпурдағы және Лангкави мен Борнео аралдарындағы курорттарға бара алатын.