Туристер қар көшкінін видеоға түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

Непалда Эверест тауында туристер үлкен көшкіннің түсуін видеоға түсірді. Видео непалдық журналист Шристи Кафленің (Shristi Kafle) Twitter аккаунтында пайда болды.


Иконка комментария блок соц сети

Непалда Эверест тауында туристер үлкен көшкіннің түсуін видеоға түсірді. Видео непалдық журналист Шристи Кафленің (Shristi Kafle) Twitter аккаунтында пайда болды.

Көшкін туристік топ орналасқан Манаслу тау бөктеріндегі бірінші және екінші лагерьлер арасында түскені атап өтілді. Кадрларда таудан қар массасының үлкен ағыны өтіп, жолдағы барлық нәрсені жауып тұрғанын көруге болады. Табиғи құбылыстың куәгерлері лагерьден асығыс кетеді, бірақ олар не болып жатқанын телефонға түсіруді жалғастыруда.

Видео жарияланғаннан кейін біраз уақыт өткен соң, журналист қар көшкінінен бәрі бірдей қашып үлгермегенін айтты. Салдарынан шерпа халқының басты және тәжірибелі тау гидтерінің бірі хабар-ошарсыз кетті деп жарияланды. Оны іздеп жатыр. Сондай-ақ, ауа райының қолайсыздығына байланысты үшінші лагерьден шығуға тыйым салынды.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная