Турист Түркиядан ежелгі тастарды ұрлағаны үшін қамауға алынды

Түркияда Бельгиядан келген турист Ким Мергитс тарихи көрнекті орынға жататын ежелгі тастарды алып кетуге тырысқаны үшін қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Schngenvisa News басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, саяхатшы еліне ұшатын кезде ұсталған. Ол Түркияның шығысындағы Манавгат қаласынан алған үш археологиялық артефактіні ұрлады деп айыпталып отыр.

Антверпендік турист бұл тастардың тарихи маңыздылығын білмейтінін және оларды аквариумға орналастыру үшін үйге апарғысы келетінін айтты. Ол тастардың мәдени және табиғи құндылықтарды қорғау туралы Түрік Заңының қорғауында екенін тек кеден қызметкерлерінен білген.

"Біз қателескенімізді және мұнда заңға сәйкес келмейтін әрекет жасағанымызды түсінеміз, бірақ жай ғана айыппұл салыңыз. Біз оны төлейміз. Айыппұлдың қанша болатыны маңызды емес. Біз қате жіберілгенін түсінеміз. Бірақ маған қатаң жаза тағайындап жатыр", - деп келтірді 28 жастағы бельгиялықтың сөзін Sky News.

Ким Мергитс. Sky News видеосынан скрин

Түркия заңдарына сәйкес, мұндай артефактілерді елден шығаруға тыйым салынады. Кимге үлкен айыппұл салынады немесе тіпті бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір ол сот отырысын күтуде. Оған контрабанда жасалды деген күдік тағылды.

Тарихи олжалар Анталия археологиялық мұражайына сараптамаға жіберілгені атап өтілді. Сарапшылардың пікірінше, екі тастың біреуі - "еден жабыны", екіншісі - "екі розеткалы архитектуралық безендіру".


Фото: Antalya İl Kültür ve Turizm Müdürlüğü

Өте маңызды да шұғыл жаңалықтар қазақша мына жерде – Massaget.kz сайтын оқыңыз!

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!