Турист сирек кездесетін табиғи құбылысты таулардағы елес түрінде түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Thomas Swallow / The Mirror Фото: Thomas Swallow / The Mirror

Ұлыбританияда турист тауға шыққан кезде брокен елесін камераға түсірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияда турист тауға шыққан кезде брокен елесін камераға түсірді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Елдің солтүстік-батысындағы таулы аймақта саяхатшы сирек кездесетін табиғи құбылыс - брокен елесін суретке түсірді. Бұл туралы Mirror жазады.

Манчестерден келген 39 жастағы Томас Своллоу тауға шығып, бұлтқа байланысты пайда болатын елес түрінде мүсінді түсірген. Ер адамның айтуынша, ол тауға жалғыз көтерілген, сондықтан кенеттен адам мүсінінің пайда болуынан шошып кеткен.

"Бұл таңғаларлық, әсерлі және өте әдемі сәт болды. Мен таудың басынан жартасқа қарадым, ал менің артымда күн жарқырап тұрды", - деп бөлісті турист.

Брокен елесі - тұманда немесе бұлтта адамның көлеңкесін жақтайтын кемпірқосақ гало түріндегі оптикалық құбылыс.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная