Турист демалыста ПТР сынағы оң болған жағдайға бес лайфхак айтты

Америкалық саяхатшы Тейлор Дженкинс демалыстағы ПТР-тест оң нәтиже көрсеткен жағдайда ескеру керек бес лайфхак туралы айтты. Турист тәжірибесін бөлісті. Ол Аргентинадан үйге қайтар кезде қалып қоюға мәжбүр болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тhe Рoints Guy сайтына сілтеме жасап.

Үйге оралу үшін ер адамға теріс ПТР-тест қажет болды. Ұшу күні ол антигенге тест тапсырды, нәтиже оң болды.

Ережелерге сәйкес, аурудың белгілері пайда болған сәттен бастап жеті күндік карантин немесе кем дегенде 48 сағат өзін-өзі оқшаулау және үш күн "ерекше күтім", яғни адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болуы керек. Нәтижесінде, саяхатшы Аргентинада жоспарлағаннан шамамен бес күн ұзақ тұрды.

Ер адам бұл тәжірибеден сабақ алғанын айтып, бес кеңес берді:

  • Үй сынақтарымен саяхаттаңыз. Халықаралық сапарға шықпас бұрын, өзіңізбен бірге кем дегенде бір үй сынағын алыңыз.
  • "Сапардан бір күн бұрын" деген "сапарға дейін 24 сағаттан артық емес" дегенді білдірмейді. ПТР-тестін 24 сағаттан ерте тапсырмаңыз. Жарамсыз болады.
  • Қажет пе, жоқ па, сақтандыру жасатып алыңыз.
  • Егер сіз қашықтан жұмыс істей алсаңыз, жұмыс компьютеріңізбен саяхаттаңыз.
  • Теріс тест нәтижесін алғанша рейс класын көтермеңіз.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!