Турист әлемдегі ең биік тарзанкалардың бірінен секіріп, мерт болды

Жапониялық турист қытайдағы Макаода әлемдегі ең биік тарзанкалардың бірінен секіріп, мерт болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі New York Post басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Жапонияның 56 жастағы азаматы Макаоеның тамашалау алаңындағы Skypark аттракционында 233 метр биіктіктен секірген. Осыдан кейін оның тынысы тарылған, сосын тіпті дем ала алмаған. Оқиға орнына жеткен дәрігерлер ер адамның жүреқ соғысы тоқтағанын анықтаған. Медицина мамандары оның өмірін алып қала алмады.

Макаодағы тамашалау алаңы. Фото: depositphotos.com

Ер адамның денесінде ешқандай жарақат болмаған. Әзіргі туристің неден қайтыс болғаны белгісіз.

Аттракцион иелерінің болжамы бойынша, ер адам секіру алдында өз денсаулығы туралы толық мәлімет бермеген болуы мүмкін. Негізінде тарзанка қызметкерлері әрбір секіруші адамнан денсаулығына қатысты біршама сұрақ қояды, мысалы жүрек ауруы, қан қысымының жоғарылауы, диабет, эпилепсия, отадан кейін және жүктілік бар жоғы нақтыланады.

Макаодағы Skypark атракционы әлемде коммерциялық банджи-джампинг биіктігі бойынша екінші орында, бірінші орында тағы бір қытайлық Чжанцзяцзе шыны көпірі, оның биіктігі 260 метр.

Skypark келушілері бір рет секіру үшін шамамен 360 доллар (165 мың теңгеге жуық) төлейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!