Турбулент салдарынан ондаған адам ауруханаға түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Flight Aware Flight Aware

Кем дегенде 20 адам турбулент салдарынан әр түрлі жарақат алды. Hawaiian Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ АҚШ-тың Финикс қаласынан ұшып шыққан, - деп хабарлайды Daily Mail.


Иконка комментария блок соц сети

Кем дегенде 20 адам турбулент салдарынан әр түрлі жарақат алды. Hawaiian Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ АҚШ-тың Финикс қаласынан ұшып шыққан, - деп хабарлайды Daily Mail.

Басылым мәліметінше, 18 желтоқсанда Финикстен Гонолулуға бағыт алған жеті сағаттық рейс аяқталар сәтте турбулент салдарынан жолаушыларды ұшақ орындықтарынан лақтырып жіберген. Зардап шеккендер арасында жолаушылар және үш экипаж мүшесі бар. Олар ұшақ төбесіндегі панельге және жоғарғы контейнерлерге соқтығысып, әртүрлі жарақат алған, оның ішінде басына соққы тигендер, денесі сырылғандар көп.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от HUNGRYHUNGRYHAWAIIAN NEWZ (@hhhnewz)

20 адам ауруханаға жеткізілген, оның 11-інің жағдайы ауыр, ал қалған тоғызының жағдайы тұрақты. Hawaiian Airlines мәліметінше, жалпы ұшақта 278 жолаушы және 10 экипаж мүшесі болған.

Hawaiian Airlines бас операциялық директоры Джон Снуктың айтуынша, қауіпсіздік белбеуін тағу керектігі ескертілген. Ол өзі әуе саласында қызмет еткен жеті жылда көрген "ең қиын турбулентті жағдай" болғанын айтты.

Airbus A330 ұшағының салонында телефонға түсірілген видеода оттегі бетперделерінің салбырап тұрғаны және адамдардың соққыларынан төбесіндегі панельдер жарылып кеткен.

Жедел әрекет ету қызметтері, оның ішінде өрт сөндірушілер, жедел жәрдем бригадалары және мемлекеттік өрттен құтқару командасы дереу жұмылдырылған. Олар 11 шамасында болған оқиғадан зардап шеккендерге көмектесті.

Жаңалықты бірінші болып білгіңіз келсе, қазақ тіліндегі Telegram-арнамызға жазылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная