Ибицадағы демалыстан үйіне қайтқан турист ұшақтың жалғыз жолаушысы болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mirror басылымына сілтеме жасап.
38 жастағы Ханна Маден-Адамс Ибицадан Джерси аралына ұшу кезінде VIP-қызмет көрсетуге ие болды. Ол Blue Islands ұшағының жалғыз жолаушысы болды.
Испаниялық аралда әйел достарымен туған күнін тойлап, үйіне қайту кезінде 188 фунтқа (шамамен 108 мың теңге) экономсанатқа билет алған. Ханна тіркеу залына келгенде әуекомпания өкілдері Ибицадан Джерси аралына рейс жоғын айтқан. Соған қарамастан турист рейске тіркеліп, отыру залына келген уақытта әуе саласының мамандары оған жалғыз жолаушы болатынын айтқан.
Саяхатшыны жеке жүргізушісі бар көлікпен жүргізген. Әйел сапардың "керемет" өткенін айтқан.
"Мен қарапайым адаммын және ұшаққа жалғыз өзім көтерілемін деп ойламадым. Әдетте рейстер толы болады, балаларымен, отбасыларымен жүреді, сөйлеседі және күледі. Оның орнына маған былай деді: қалаған орныңызға отырыңыз, багажыңызды кез келген жерге қойыңыз", - дейді Ханна басынан өткен таңғажайып тәжірибе туралы.
Саяхатшы қыздың айтуынша, экипаж мүшелері үшін де мұндай жағдай бірінші рет болған: олар жалғыз жолаушымен ұшпағанын айтқан.
"Біз әуеде болғанда ұшқыштар әртүрлі жерлерді көрсетіп, демалуға кеңес берді. Бұл шынымен керемет болды. Стюардессалармен сөйлесіп, олармен жақын танысып, өмірі жайлы білдім", - дейді Ханна.
Фото: linkedin.com